"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қызылжар ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мирас" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
СҚО, Қызылжар ауданы Бескөл ауылы, Садовая көшесі 1, телефон нөмірі 8 715 38 2-87-63, электрондық мекенжайы metod2011@bk.ru "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру дене шынықтыру нұсқаушысы" бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды -1 жүктеме, қазақ тілінде оқытатын топтарға.
Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 16 тамыздан 2023 жылғы 24 тамызға дейін қабылданады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
12) осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
10,11 қосымшаларға сілтеме https://cloud.mail.ru/public/ecMs/m2d9ejQFi















