Тілді сүю - тал бесіктен
22 қыркүйек күні «Тілді сүю - тал бесіктен» атты мерекелік іс-шара біздің «Мирас» балабақшамызда да құрметке ие. Бұл мереке балаларға кішкентай кездерінен өз еліңе, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып, білуге бағытталған. Балалар қонаққа келген кейіпкерлерімізге өлең жолдарын оқып қана қоймай, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін барынша көрсете алды. Іс-шарамыз қызықты, әрі танымды өтті.
23.09.2023
Қараулар: 182


























