15-19 наурыз аралығында «Мирас» бөбекжай-бақшасында барлық жас ерекшеліктеріне қарай топтарда «Наурыз Мейрамы» тақырыптық сабақтары өткізілді.
Дүйсенбі, 15 наурызда « Көрісу күні» болды, әр топқа таңнан бастап Қыдыр Ата келіп, бір-бірін қалай қарсы алуға болатынын көрсетті.
16 наурыз — «Даналық және білім күні», тәрбиеленушілер көктем, Наурыз туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер оқыды.
Сәрсенбі, 17 наурызда дене шынықтыру нұсқаушылары: М.М. Жүнісов пен Т. В. Белова «Ұлттық ойындар күні» ашық ауада спорттық демалыс өткізді.
18 наурыз — «Игі істер күні», балабақша психологы А.Е. Сүгірбай мейірімділік туралы әңгіме өткізді. Айнұр Еркінқызы, мейірімділікке апаратын жол оңай емес екенін, онда адамды шарықтау мен құлау, құламау жолдарын, жақсылық пен жамандықтың ауысуы күтіп тұрғанын түсіндірді. Нағыз мейірімді болуды үйрену қиын. Адам жиі тоқтап, жасаған әрекеттері туралы ойлануы керек. Балалар өздері не істегендерін ойлап, өзінің мейірімділік күнін құрды.
Апта «Ұлыстың ұлы күні» тақырыптық сабақтарымен аяқталды, онда балалар жарқын, әсем ұлттық костюмдерде өлеңдер оқып, «Теңге алу», «Арқан тарту», «Бәйге» ұлттық ойындарын ойнап, «Қырқыннан шығару», «Тұсау кесу», «Бесікке салу» дәстүрлерін көрсетті.
Іс-шара соңында әр топтың тәрбиешілері Қазақтың ұлттық «Шашу» рәсімін өткізді.
Өткiзiлген iс-шаралар балалар бойында адамгершілік-патриоттық тәрбиенi қалыптастырады. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерiн, ойындарын, әндерiн бiлу ұрпақтан-ұрпаққа берiлiп, балалардың бойында патриоттыққа достыққа, бiрлiкке, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиеленедi.






























