Балалардың ең сүйікті мерекесі, әрине, ол жаңа жыл! Жаңа жыл-тілекерді орындау және балалар үшін жаңа жылдық мерекені күту Аяз Ата мен Ақшақардың кездесуінен болатын сиқырмен байланысты. Мереке атмосферасы «Мирас» бөбекжай-бақшасында жаңа жыл мерекесіне арналған тақырыптық сабақтар ертегіге айналды. Әдемі безендірілген шыршаға бірінші болып топтардың ең кішкентай балалары келді. Мерекенің басты кейіпкерлері –Аяз Ата мен Ақшақармен кездесу олар үшін ұмытылмас болды. Қойылымның басынан бастап ертегі кейіпкерлері балаларды ертегінің сиқырлы әлеміне баурап алды. Балалар қызықты ойындарға қатысып, мерекелік атмосфераға ене алды. Аяз Атаның пайда болуымен нағыз мереке әндер мен билер, шыршаны айналып билеумен басталды. Ересек және мектепалды даярлық топтардың балалары мерекенің ажырамас қатысушылары болды. Олар Ақшақар мен Аяз Ата өткізген ойындарға қатысып, музыкалық аспаптарда ойнады, жұмбақтар шешті, Аяз Атамен қалжындап ойын ойнады, ән айтып, би биледі, өлең оқыды. Мереке соңында барлық қатысушылар Аяз ата, ақшақар және кейіпкерлермен естелік суреттерге түсті. Бақшаға жыл сайын қуаныш пен көңіл-күй сыйлайды. Келе жатқан Жаңа жыл барлығына бақыт, сәттілік және жетістік әкелсін!!!
Посмотреть эту публикацию в Instagram















