Бүгінгі күні біздің «Мирас» балалар бақшасында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай бірқатар іс шаралар жоспарланып, өткізілуде.
Балалардың шығармашылық және танымдық қабілетін, рухани эстетикалық сезімдерін дамыту алғы қойған мақсаттарымыздың біріне айналып отыр. Жас ұрпақты Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен таныстыру, тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру және әдеби дүниелерді түсініп оқу, сөздік қорларын молайту, өлеңді мәнерлеп оқуға баулу, әртістік қабілеттерін шыңдау бағытында да жұмыстар жүргізілуде.
Бұл мақсат пен міндетті нәтижелі түрде жүзеге асыру үшін біз көптеген іс шаралар өткіздік. Атап айтар болсақ, «Қазақ елінің ұлы тұлғасы» атты шарада бүлдіршіндер ұлы ұстаздың портретін көріп, танысты. «Ыбырай Алтынсарин туралы 180 сөз» тақырыбында әңгіме, «Ыбырай Алтынсарин ұлы даланың ағартушысы» атты презентация жасадық. Жазушының «Әке мен бала» ертегісін тамашалау, «Кел, балалар, оқылық!» Ыбырай Алтынсарин өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы, «Менің Отаным - Қазақстан» виртуалды саяхат, «Туған ауылым алтын бесігім» суреттер көрмесі, Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері бойынша «Туған өлкенің табиғаты» шығармашылық шеберхана өткізілді. Сондай-ақ Бескөл ауылындағы балалар кітапханасына саяхат ұйымдастырылды.























