Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, рухани тәрбие беру басты міндеттердің бірі
Біздің “Мирас” балабақшасында жас ұрпақтың бойына адамгершілік, рухани тәрбие беру басты міндеттердің бірі. Мектепке дейінгі жас - тұлғаның қалыптасу кезеңі, онда патриоттық сезімдерді қамтитын жоғары адамгершілік сезімдер қалыптасады. Педагогикалық ұжым бірқатар іс-шаралар өткізеді: әңгімелесу, экскурсиялар, тақырыптық сабақтар, ұлттық тағамдармен, ойындармен, салт-дәстүрлермен және әдет-ғұрыптармен таныстыру. Өткізілген іс - шаралар балаларды өз халқының мәдениетімен таныстыруға, мейірімділік, жақындары мен туыстарына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, өз елінің тарихын білу сияқты адами құндылықтарды дамытуға мүмкіндік береді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
04.02.2022
Қараулар: 90















